Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі үлкен көлемдегі есірткіні тәркіледі

    Қауіпсіздік 24 Iyun 2021 791

    Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Сырдария және Самарқант облыстары бойынша басқармалары қызметкерлері тарапынан Сырдария облыстық Кеден басқармасы өкілдерімен ынтымақтастықта өткізген жедел шарада “Сұрхандария-Самарқант” бағытындағы жүріп келе жатқан “Кобальт” маркалы көлік Қашқадария облысының Шырақшы ауданындағы “Умакай” Жол патруль қызметінде тоқтатылды.

    Автомашина тексерілгенде, онда жолаушы ретінде келе жатқан Сұрхандария облысы Сарыасия ауданында жасайтын 1987 жылы туылған азаматтың жанында 3 килограм 363 грам “опий” есірткісі бар екені анықталып, тиісті тәртіппен ресмилендіріліп алынды.

    Басқа бір жағдайда МҚҚ қызметкерлері тарапынан Ташкент облысының Ташкент ауданында орналасқан “Минерал сулар” жол патруль қызметі мекенінде Сұрхандария облысының Денау ауданында жасайтын, 1996 жылы туылған азамат басқаруындағы “Нексия-3” маркалы көлік тоқтатылды.

    Автомашина бейтараптардың қатысуымен тексерілгенде, оның салонында 5 килограмм “опий” есірткі бар екені анықталып, процессуалдық түрде ресмилендіріліп алынды.

    МҚҚ-ның Қашқадария және Ташкент облыстары бойынша басқармалары қызметкерлері тарапынан Мемлекеттік кеден комитеті мамандарын жұмылдырылып, Орташыршық ауданында өткізілген жедел шарада Бекабат қаласында жасайтын тұлғалар — 1991 жылы туылған азамат, сондай-ақ бұрын есірткі саудасымен байланысты қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туылған тұлға 492 грамм “гашишті” 50 миллион сумға сатқан кезінде қолға алынды.

    Әр үш жағдайда да есірткі заттар елімізге Тәжікстан Республикасынан контрабанда жолымен алып өтілген.

    Қазірде бұл тұлғаларға қатысты Қылмыстық Кодекстің тиісті баптарымен қылмыстық істер қозғатылып, тергеу істері жүргізілуде.

    Мемлекеттік Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates