Президент ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша жиын өткізді

    31 шілде күні Президент Шавкат Мирзиёев ауыл шаруашылығында ғарыштық мәліметтерді пайдалану және цифрландыру шаралары бойынша жиын өткізді.

    Бұл — кеше өткен видеоселектор жиынының қисынды жалғасы. Көкөніс пен азық-түлік өнімдерін көбейту мәселесі қаралғанда, Мемлекет басшысы жерді тиімді пайдалану мен өнімділікті арттыру жолдарын көрсеткен еді.

    Мұндай мақсаттарға жету үшін нақты есеп-қисап пен талдау аса маңызды. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Узбеккосмос» агенттігі бұл бағытта зор мүмкіндік беріп отыр. 2024 жылғы 14 қазандағы Президент жарлығына сәйкес, экономика салаларына аэроғарыштық технологиялар енгізілуде.

    Атап айтқанда, бұл технологиялар ауыл және су шаруашылығындағы шынайы жағдай мен кемшіліктерді ашық көрсетіп беруде. Екі жыл ішінде 4 миллион гектардан астам пайдаланылып жатқан жерлер ғарыштан бақыланды. Нәтижесінде кейбір есептерде көрсетілген егістік жерлерге мақта егілмегені немесе ол жерлердің қорда немесе иесіз екені анықталды.

    Сол себепті мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелердің мақсатты пайдаланылуын қашықтан бақылау жүйесі енгізілетін болды.

    Климаттың өзгеруі мен судың жетіспеушілігіне байланысты елімізде аз су талап ететін жаңа сұрыптар мен агротехнологияларға көшу қолға алынып жатыр. Алайда егістіктерді суарудағы қазіргі су мөлшері талапқа сай еместігі айтылды. Гидромодульді аудандастыру тәсілі де ескірген. Соның салдарынан каналдардың соңында орналасқан 3 мыңнан астам фермерге су жетпей жатыр.

    Ауыл және су шаруашылығы саласындағы ғылыми институттарды тарту арқылы суару мөлшері мен гидромодульді аудандастыруды толық жаңарту тапсырмасы қойылды.

    Фермерлер пайдаланатын судың әлі де нақты есебі жоқ екені айтылып, барлық кезеңдерде цифрландыруды, судың әрбір контур бойынша есебін жүргізу қажеттігі атап өтілді.

    Су қоймалары да жобалық қуаты бойынша есептеліп келген. Соңғы екі жылда 60 ірі су қоймасы алғаш рет батиметриялық талдаудан өтті. Лайдың шөгуіне байланысты кейбірінің сыйымдылығы азайғаны анықталды.

    Осыған байланысты барлық су қоймаларына «ақылды» есептегіштер орнатылып, су мөлшерін онлайн бақылау және лайды азайту міндеттері белгіленді.

    – Жер мен су — ауыл шаруашылығымыздың тағдырын шешетін мәселе, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Жиында саланы цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Қазіргі таңда фермерлер жер, несие, субсидия және агроқызметтер бойынша 30-дан астам платформаны пайдаланып жатыр. Мұны жеңілдету үшін олар біріктіріліп, «Цифрлық ауыл шаруашылығы» атты бірыңғай интеграциялық платформа іске қосылады.

    Бұдан былай егістікке не егілетінін фермердің өзі шешеді. Бұл мәліметті де өзі платформаға енгізеді. Нәтижесінде негізгі, қайталама және күздік дақылдардың көлемі алдын ала көрініп тұрады. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі, бағаның тұрақтылығы және диқандар табысы үшін өте маңызды.

    Премьер-Министрдің орынбасары Ж.Қучқоров басшылығымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылатын болды. Жетпей жатқан өнімді көбейту үшін жеңілдетілген несие мен субсидия беріледі.


    Салада пилотсыз аппараттарды пайдалану да жоспарлануда. Күзде 100-ден астам заманауи дрон әкелінеді. Жауапты тұлғаларға жеке секторды тартып, фермерлерге дрондар арқылы қызметтер көрсету жөнінде тапсырма берілді.

    Сабан қалдықтарын өртеуге заң жүзінде шектеу қою қажеттігі айтылды.

    Ғарыштық зерттеулер аясында құрылыс, кадастр, пайдалы қазбалар, орман және жайылым жерлер бойынша да талдаулар бар екені айтылып, министрлер мен әкімдерге оларды зерттеп, жоспарлар әзірлеу тапсырылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates