Ол үшін қандағы белоктың құрамы зерттелді. Яғни, арнайы құрылғы арқылы 22 мыңнан астам науқастың плазма үлгілерінде 5000-ға жуық белокқа талдау жасалды.

 Нәтижесінде олардың арасынан инфаркт, инсульт немесе жүрек жеткіліксіздігі болуын көрсететін 27 белокты табуға қол жеткізді.

Зерттеушілердің айтуынша, қан нақтамасының жаңа әдісі алдағы төрт жылда адамда жоғарыда аталған аурулардың даму қаупінің деңгейін көрсетеді.

Дәрігерлер  науқасқа берілген дәрі-дәрмектер қандай әсер ететінін, емделу режимін өзгерту қажеттілігі бар-жоғын анықтау үшін  бұл әдістің көмегімен анықтауға болады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл диагностикалық мүмкіндік науқастың жасын, жынысын, ауру тарихын, холестерин деңгейін және қан қысымының көрсеткіштерін қамтитын жүрек-қан тамырлары қаупін бағалаудың іс жүзіндегі жүйесімен салыстырғанда екі есе дәл нәтиже береді.

Қазір АҚШ-тың бірқатар медициналық мекемелерінде  жаңа әдісті іс жүзінде қолдануға кіріскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.