Сеулде өткен кездесуде, алдымен екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстар жөнінде айтылды. Еңбек қатынастарына қатысты бар проблемалар ортаға тасталып, оларды шешу жолдары туралы пікір алмасылды.
Келіссөздер нәтижесінде енді жерлестеріміз Кореяда ауыл шаруашылығы саласындағы маусымдық жұмыстарда жұмыс істей алады.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, агротехнологиялар бойынша жұмыс жасап, біліктілігін арттырады, осы арқылы бағыттағы білімі мен біліктілігін шыңдап, елімізге үлкен тәжірибемен оралады.
Сонымен қатар, кәсіби кәсіп-өнерге ие болған ұл-қыздардың да Кореяда жұмыс істеуге мүмкіндігі пайда болуда.
Бұл бағытта белгілі бір мамандықты меңгерген, қолында дипломы бар мамандар көп екенін айту керек. Енді олар да өз саласына қарай Кореяда жұмыс істей алады.
Дәл осы бағытта Әділет министрлігімен келісім жасалды. Кездесуде отандастарымыздың үлгілі қызмет жүргізуі, Корей мемлекетінің заңдарын құрметтеу екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға қызмет ететіні айтылды.
Мамандар Кореяға уақытша жұмыс істеуге барған әрбір үміткермен мамандар айналысып, осы елдің еңбек және миграция заңдылығы, мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрі туралы ақпарат беретінін мәлімдеді.
Корея Республикасының Әділет министрлігі егер өзбекстандық жұмысшылар Корея Республикасының еңбек заңдылығын бұзбаса, заңсыз әрекеттерге бармаса және жұмыс орындарын себепсіз тастап кетпесе, Корея тарапы жерлестеріміз үшін түрлі жұмысшы виза түрін ең жоғары дәрежеде ашып беруге дайын екенін білдірді.