Осыған орай, 16-санды «Мәдени байлықтардың құнын бағалау» Ұлттық бағалау стандарты қабылданды.
Атап айтқанда, мәдени құндылықтар, яғни материалдық әлемнің ұлттық, тарихи, көркемдік, ғылыми-ағартушылық, рухани-адамгершілік және басқа да мәдени маңызы бар жылжымалы құндылықтар, сонымен қатар бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары бағаланатын болады.
Мәдени құндылықтарды бағалау салыстырмалы, табыстық және шығындық тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нысанының мәдени құндылық екендігін растайтын өнертанушы сарапшының қорытындысының болуы мәдени құндылықтардың құнын бағалаудың ең маңызды шарты болып табылады.
Аталған стандарт мәдени құндылықтардың, соның ішінде бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларының құнын анықтау арқылы оларды азаматтық айналымға енгізуде, соның ішінде сату және сатып алу, кепілге қою, сақтандыру және басқа да қатынастарда маңызды мәнге ие.