Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады.
Бұл тәжірибе-сынақ жобаға орай, енді елорда тұрғындары енді жедел медициналық жәрдем бригадаларының қай жерде екенін және олардың шақыру орнына қанша уақытта келетінін онлайн режимінде бақылай алады.
Жаңа жоба “Yandex Uzbekistan” компаниясының технологиялық шешіміне негізделіп жүзеге асырылады және «103» бригадасының қозғалысы браузердегі электронды карта арқылы, жақын арада “Yandex Go” мобильді қосымшасы арқылы бақыланатын болады.
Оның айтуынша, «Жедел жәрдемге» хабарласқаннан кейін, жүйе автоматты түрде бригаданың қозғалысын нақты уақыт режімінде көрсететін электронды картаға сілтеме арқылы SMS хабар жібереді.
Жобаның келесі басқышында пайдаланушылар “Yandex Go” мобиль қосымшасы бригаданың орналасқан жері және оның болжалды келу уақыты туралы push-хабарлама арқылы хабардар болады. Сонымен қатар, бұл ақпаратты тікелей қосымша арқылы да алуға болады.
— Бұл жаңалық, ең алдымен, жедел жәрдем жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге және диспетчерлердің іс жүктемесін азайтуға қызмет етеді, — дейді Республикалық жедел жәрдем орталығының директоры Абдувоитжон Гафуров. — Қазіргі уақытта бұл шешім Ташкент қаласында шұғыл қоңыраулар үшін қолданылады, бірақ біз болашақта жобаны кеңейтуді көздеп отырмыз.
Ақпарат үшін айта кетейік, Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығына күніне орта есеппен 40 мыңға жуық қоңырау түседі. Оның 60 пайызы шұғыл шақыртуларды құрайды.








