Өзбекстанда тағы бір жоғары оқу орны – Энергетика институтын құру жоспарлануда.
Бұл туралы Энергетика министрі «Өзбекстан 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Министрдің айтуынша, Президент Шавкат Мирзияев тарапынан электр энергетикасын 2025-2035 жылдары дамыту іс-шаралары бойынша өткізілген жиналысында саладағы кадрларды даярлау бойынша міндеттер белгіленді.
Сапалы жұмысты ұйымдастыруда кадр мәселесінде жеке бағдарлама жасалады. Энергетика министрлігі жанынан Энергетика институты құрылады.
Бұл әр облыста филиалдары бар энергетикалық оқу орны болады. Онда энергетика бойынша заманалық бағыттағы кәсіптер оқытылады. Энергияны қаржыландыру, базары, оны бөлу, генерация түрлері, жаңа түрдегі энергия сақтау жүйесі бойынша мамандар даярланады.