Бүгінде Ташкент қаласында халық саны да, құрылыс ауқымы да артып отыр. Бір жыл ішінде 12 мыңнан астам жаңа қуат көзі, сауда және қызмет көрсету нысаны іске қосылды. Халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып, тұрмыстық техника пайдалану көлемі артты.
Бұл факторлардың барлығы электр энергиясына деген сұраныстың күрт өсуіне алып келеді. Осыны ескеріп, соңғы екі жылда Ташкент қаласының электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту үшін 2 трлн 800 млрд сум бағытталған. Осы уақыт ішінде 36 қосалқы станция, 665 трансформатор және 2 мың шақырымнан астам желі жаңартылды.
Алайда әлі де атқарылар іс көп. Бүгінде 46 қосалқы станция мен 207 трансформатор артық жүктемемен жұмыс істеуде. Жыл басынан бері тұтынушылар саны тағы 40 мыңға артқан, сұраныс 6 пайызға өскен.
Сонымен қатар, бұған дейін жаздағы аптап ыстықтың ұзақтығы бір аптадан аспаса, биыл ол 20 күнге дейін созылған. Соның салдарынан шілде айында Ташкентте тұтыну көлемі 900 миллион киловатт-сағаттан асып кеткен.
Аталған жағдайлар жаңғырту үдерістерін жүйелі түрде жалғастыруды талап етеді. Таныстырылымды энергетика министрі қаладағы әр аудан мен махалланың кескінінде жоспарланған іс-шараларды баяндады.
Жоспарға сәйкес, биылғы бірінші кезеңде 374 шақырым желі, 11 қосалқы станция және 62 трансформатор жаңартылуы көзделген. Келер жылы тағы 788 шақырым желі, 35 станция мен 145 трансформаторды модернизацияланбақ. Сонымен қатар, махалалардағы трансформаторлар мен желілер жөнделіп, жаңалары орнатылады.
Мемлекет басшысы күз-қыс маусымына аз уақыт қалғанын ескеріп, биылғы жоспарды 1 қарашаға дейін толық аяқтауды тапсырды.
Соңғы жылдары барлық өңірлерде энергия генерациясы артып келеді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды баламалы энергия көздеріне көшіру бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, 2027 жылға дейін ірі кәсіпорындар мен туристік нысандар аумағында жалпы қуаты 752 мегаватт болатын күн электр станциялары мен 812 мегаватт қуат сақтаушы жүйелер құру жоспарланған.
Мамандар атом энергетикасы саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де ақпарат берді.
Өзбекстанда шағын қуатты атом электр станциясын салу бағытында жұмыс жүргізілуде. Бұл станцияның жобалау кезеңінен бастап пайдалануға берілгенге дейінгі әрбір сатысы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) қатаң бақылауында болады және ең озық қауіпсіздік талаптары қолданылады.
Мемлекет басшысы тиісті нысандарды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске қосу, тұрақты энергия қуаттарын құру бойынша нақты тапсырмалар берді. Министрлер Кабинетіне энергия тиімділігін арттыру мәселесін апта сайын талқылап отыру міндеті жүктелді.











