Мемлекет басшысы жерді тиімді пайдалану бойынша тұсаукесермен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 9 қыркүйек күні ауыл шаруашылығында жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар бойынша тұсаукесермен танысты.

    Соңғы бес жылда жер есебін жүргізу бойынша жаңа жүйе жасалды. Қысқа уақыт ішінде еліміздегі 45 миллион гектарға жуық жердің 42 миллион гектары, яғни 94 пайызы, оның ішінде ауыл шаруашылығына арналған 26 миллион гектардан астам жердің 88,4 пайызы мемлекеттік тіркеуден өтті.

    Таныстырылымда бұған дейін азаматтар мен ұйымдар пайдаланған, кейін аудан әкімдіктерінің қарамағына қайтарылған бос жерлердің есебін бөлек жүргізу қажеттігі айтылды. Мұндай жерлерді қысқа мерзімде аукционға шығару үшін адами факторсыз жұмыс істейтін жүйе құру тапсырылды.

    Ауыл шаруашылығында жерді жалға алу құқығын нарықтық активке айналдыру жұмыстары басталды, қайта жалға беру және қосалқы жалға алу институттары енгізілді.

    Енді жалға берілген жерді ішінара қайта жалға беруге, яғни бір бөлігін өзінде қалдырып, қалғанын басқа жалға алушыға өткізуге рұқсат етіледі. Бұған дейін ол үшін жерді мемлекетке қайтарып, қайтадан аукционға шығару қажет болатын.

    2021 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлері тек жалға алу құқығы арқылы берілуде. Жиында 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін ауыл шаруашылығында пайдаланылып жатқан барлық жерлерді жалға алу құқығына көшіру міндеті атап өтілді.

    Ауыл шаруашылығына арналған жерлерде қызмет көрсетуші нысандар – жеңіл конструкциялы тоңазытқыш қоймалар, сұрыптау, қаптау орындары, су үнемдеуші технологиялар, дала шатырлары, техника парктерін салуға рұқсат етіледі.

    Бұл үшін алдымен жерге орналастыру жобасы жасалып, бекітіледі. Бұл жоба құрылысқа рұқсат беру кезінде жерге құқықты растайтын құжат ретінде қабылданады.

    Бұл жаңалық ауыл шаруашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады, бағбан өз бауының бір шетінде жеміс сақтау орнын, малшы жайылымының бір бөлігінде мал мен мал азығын сақтау нысандарын сала алады.

    Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығында жалға алу қатынастарын одан әрі дамыту, жалға алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, салаға нарықтық қатынастарды кеңінен енгізу жөнінде тапсырмалар берді.

    Таныстырылым соңында осы шараларды іске асыру жөніндегі жарлыққа қол қойылып, заңға тәуелді құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу белгіленді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates