Министрдің айтуынша, Канада, АҚШ және Мексика бірлесіп өткізетін әлем чемпионатына Иран ұлттық құрамасының қатысуы «мүмкін емес».

Иран ұлттық құрамасы биыл әлем чемпионатына қатысуы жоспарланған еді, алайда министр Ахмад Донямали футболшылардың АҚШ-та қауіпсіз болмайтынын айтып, олардың турнирге қатыса алмайтынын мәлімдеді. Сұхбат бейнетаспа түрінде жарияланды.

— Олардың Иранға қарсы жасаған зұлым әрекеттері — соңғы 8–9 ай ішінде бізге қарсы екі соғыс жүргізді, мыңдаған адамдарымызды өлтіріп, азаптағаны — осындай жағдайда біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз, — деді Донямали.

Иран 15 маусым күні Калифорния штатының Инглвуд қаласында Жаңа Зеландиямен, 21 маусымда Бельгиямен және 26 маусымда Сиэтл қаласында Мысырмен топтық кезеңдегі ойындарын өткізуі керек еді.

FIFA Иран ұлттық құрамасына АҚШ-қа баруға рұқсат берілуін күтуде.

АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен аптада бұл сұраққа жауап берді.

— Иран командасында  48 команда қатысатын турнирде ойнай ма, жоқ па — маған мүлдем бәрібір, — деді ол.

FIFA президенті Жанни Инфантино сейсенбі күні Трамппен «турнирге дайындықты талқылау» үшін кездесті және Иранның АҚШ-қа баруына рұқсат берілетініне кепілдік алды.

— Кездесу барысында Президент Трамп Иран құрамасы АҚШ-та өтетін турнирге міндетті түрде қатыса алатынын тағы да растады, — деді Инфантино.

Иран 1300 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, мыңдаған ғимараттың қирағанын мәлімдеді, деп хабарлады oz.inform.kz.