Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркіменстан эвакуация үшін өз аумағын ұсынған. Бұл ел Ираннан келген шетелдік азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетті.
Түрікменстан шекарасынан шамамен 120 азамат — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдердің өкілдері кесіп өткен. Олар көлікпен, азық-түлікпен, жатын орынмен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз етілді.
Гуманитарлық көмек аясында Түркіменстанның тиісті мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің елшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуде, делінген хабарда.
Түркіменстан БҰҰ Бас Ассамблеясы өз бастамасымен жариялаған «Халықаралық бейбітшілік пен сенім» жылында адамгершілік, халықаралық ынтымақтастық және тату көршілік қағидаттарына адалдығын ерекше атап өтті.


