Үкімет қаулысымен (4-санды, 29.01.2025 ж.) «Тұтыну және техникалық этил спирті, алькоголь өнімдерін өндіру, ыдыстарға құю, сақтау және көтерме саудада өткізуді есепке алу және бақылау тәртібі туралы» ереже бекітілді.
Осыған орай, ережеде мыналар қарастырылған:
өндірілген тұтыну және техникалық этил спирті мен алкоголь өнімдерін есепке алу;
тұтыну және техникалық этил спирті, алкоголь өнімдерін сақтау, тасымалдау және көтерме саудада сату есебін жүргізу;
тұтынушылық және техникалық этил спиртін, алкоголь өніміндерін өндіруді, құюды, сақтауды және көтерме сату жұмыстарын бақылау.
Осы ереженің талаптары төмендегілерге қолданылады:
тұтынушылық және техникалық этил спиртін, алкоголь өнімін өндірумен айналысатын Өзбекстанның резиденттері саналған заңды тұлғаларға;
тұтынушылық және техникалық этил спирті мен алкоголь өніміне арналған техникалық регламентте көзделген өнімдерге.
Алкоголь өнімдерін шетелде өндірілген тұтыну этил спирті және техникалық этил спиртін пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіруге тыйым салынады.
Алкоголь өнімдерін өндіруші субъектілер (кәсіпорындар) өндірістің барлық кезеңдерінде техникалық жағынан реттеу саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес, микробиологиялық, физикалық-химиялық және технологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Тұтыну және техникалық этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру көлемінің есеп беруді жүргізу өнім өндіруге қажетті негізгі шикізатты кірісінен бастап, дайын өнімдерді сақтау қоймаларына орналастыру және реализациялау үдерістерді қамтуы қажет.