Жеті құрлыққа экспорт талап болған Алтыарық жүзімдері

    Агросектор 18 Iyul 2021 5449

    Ферғана облысы Артыарық ауданы жүзімшілік мектебін ашқан аумақ ретінде танылған.

    Облыстағы 7834 гектар жүзім бақтарынан 1498 гектары Алтыарық ауданында орналасқан. 2021 жылы құрылған 153880 тонна жүзім өнімінің 43784 тонна бөлігі де Алтыарық ауданында өндірілуі жоспарланған.

    Тағы бір назар аударалық жайт күні кеше Ферғанада басталған жүзім экспортын да алтарықтық еңбекшілер бастаманы қолға алды.

    Өйткені, Алтыарық жүзімдеріне шет мемлекеттерде талап үлкен болуда. Сол үшін ерте пісетін жүзім түрлері пісіп жетілгенінен-ақ шетелге экспорт жасалады. Экспорт үдерісі көрші Қырғызстан, Қазақстан және Ресей,Украина, Польша сияқты мемлекеттерге экспорттайды.

    Сонымен қатар Мурожат Хусановаға тиісті 500 тонна сыйымға ие сатушыларға жинаған жүзімдер жүк автомашиналарға артылып, экспортқа даярлап жатқанына куә болдық.

    — Бұл ретте қазақстандық сатып алушыларға жеткізіп бермекпіз. Маңыздысы көптеген жерлестеріміз маусымдық жұмыспен қамтылған, — дейді жұмыс беруші Музаффар Мусаев.

    Жаңаараб ауылында жасайтын 80 жасты көрген Ибрахим ата Юлдошев жасаған бақ көзді қуантады. Тамсанасың.

    Атаның әрбір сөзі ғибрат. Өткен күнге шүкіршілік, ертеңгі күнге үмітпен қарайды. Елімізде жүзеге асырылған реформалар қарттарымыздың арман-тілектеріне үндесіп жатқаны қуанарлық жайт. Ибрахим ата Юлдошев сияқты еңбексүйгіш, жанкүйер бағбандар жасаған Ферғана тәжірибесі, Алтарық жүзімшілік мектебі еліміз дастарқанының мол, халқымыздың тұрмыс- тіршілігінің жақсы болуына қызмет етуде.

    Ферғана облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.