Еуропа Одағымен ынтымақтастықтың ісжүзіндік жақтары қаралды

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Еуропа комиссиясының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директоратының адам дамуы, миграция, басқару және тыныштық басқармасының директоры Эрика Герретсенмен кездесті.

    Тараптар адами даму индексі, ТДМ-ны (Тұрақты даму мақсаттарын) жүзеге асыру, қауіпсіз еңбек миграциясын ұйымдастыру сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ, осы маңызды бағыттарды дамытумен қатар, әлеуметтік инклюзивтік және экономикалық тұрақтылық бойынша озық практика мен тәжірибе алмасу, білім беру, денсаулық сақтау салалары және кедейшілікке қарсы күресте тиәмді ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

    Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі мен Еуропа Одағы тарапынан парламентаризмді нығайту бойынша «Inter Pares» жаһандық бағдарламасының жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыру мәселелеріне де назар аударды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates