Бұл шараға көне құрлықтың 50-ге жуық елінен спортшылар келді. Тұсаукесер сайысы Еуропа ашық чемпионаты ретінде ұйымдастырылды.
Халықаралық күрес қауымдастығы, Еуропалық күрес конфедерациясы және Өзбекстан күрес федерациясы, сондай-ақ еліміздің Польшадағы елшілігімен бірлесіп өткізілген ашық чемпионатқа Еуропаның танымал палуандары қатысты. Ең алдымен шарада күрес түрлері бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Балуандар мен олардың жаттықтырушыларына күрес ережелері мен жарыстарды бағалау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, шара барысында баспасөз конференциясы өткізіліп, БАҚ өкілдеріне күрестің әлемде дамуы, Олимпиада ойындары бағдарламасынан орын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Жүлде қоры 7 000 еуроны құрайтынын, жарыс ерлер мен әйелдер арасында абсолютті салмақ дәрежесінде өтті. Қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей болды:
Ерлер:
- Викторс Реско (Латвия)
- Александр Калабис (Сербия)
- Бобан Данов (Солтүстік Македония)
- Войчечказимер Кордя (Польша)
Әйелдер:
- Сандра Лискум (Польша)
- Раналда Зубависени (Литва)
- Викториа Болохан (Бельгия)
- Александра Лорена (Румыния)