Ферғана облысы әкімдігінде АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Розенблюммен кездесу өтті

    Ферғана облысы әкімінің бірінші орынбасары Авазбек Уринбоев облыс әкімдігінің қабылдау үйінде АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Резенблюм және елшіліктің жауаптыларымен кездесті.

    Кездесуде АҚШ елшісіне Ферғана облысында соңғы жылдары атқаралып жатқан жасампаздық және абаттандыру үдерістері, облыстың үлкен экономикалық-инвестициялық және туристік әлеуеті туралы толық мәлімет берілді.

    Сұхбат кезінде Розенблюм Өзбекстанның, сондай-ақ Ферғана облысының көрші мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстары және Сух ауданындағы өзгерістермен де қызықты.

    — Көрші мемлекеттер, Қырғыстан және Тәжікстанмен ежелден дос, туысқан болып жасағанбыз. Соған лайықты түрде экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты дамытуда және біз түрлі бизнес-форумдарды ұйымдастырып, байланыстарды одан әрі нығайтудамыз, — дейді кездесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары, облыстық инвестициялар және сыртқы сауда басқармасының бастығы Иқболжон Эргашев. Сонымен қатар ол Америкада Ферғана облысының өнімдері үшін үлкен базар бар екенін және бұл екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын жандандыруға жақсы бір мүмкіндік екенін тілге тиек етті.

    Елші Дэниел Розенблюм Ферғананың туризм әлеуеті де жоғары екенін, оған ол Марғылан, Қоқан қалалары және Риштон ауданында екі жал бұрынғы сапары барысында куә болғандығын айтты және бұл бағытта АҚШ-пен ынтымақтастықты жетілдіруге ұсыныс білдірді.

    АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қабылдаудан соң, БАҚ-қа берген сұхбатында Өзбекстан бүгінде Орталық Азияда көшбасшы мемлекетке айналғанын, оған көрші мемлекеттермен достық байланыстарды жолға қою арқылы қол жеткізілгені айтылды.

    АҚШ елшілігінің өкілі “Fergana Global Textile Group” кластері, Риштон қыш бұйымдар орталығы және тағы басқа өндіріс орталықтарына барып көру жоспарланған, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates