Кездесуде Ферғана қаласында Корея Республикасының грант қаржысы негізінде ұйымдастырылған, еңбек базарында жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар даярлайтын кәсіптік-өнерге оқыту орталығының қызметін жоғары деңгейде жолға қою мәселесін талқылады.
Осы орталық үшін Ферғана қаласында оқу ғимараты, жатақхана, асхана және спорт залының құрылысына 2 гектар жер бөлініп, KOICA-ның Өзбекстандағы кеңсесінде Ферғана жобасы бойынша қосымша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Корея бұл жобаға 9 миллион 320 мың доллар мөлшерде инвестиция кіргізді.
Орталықта 5 бағыт бойынша (электр менеджменті, автомобильжасау, ақпараттық технологиялар, косметология және тігіншілік) кәсіптік білім беретін болады. Қазіргі таңда Корея Республикасынан заманалық оқу-практикалық жабдықтары әкелініп, монтаждау жұмыстары аяқталды. Жуырда оқу үдерістері басталады.
Басты назарды практикаға қаратқан оқу орталығында жылына 480 жұмыссыз азаматты оқытуға мүмкіндік бар. Оқушылар 6-8 айлық курстарда кәсіптік білім алады. Облыс әкімінің оқу үдерістерін екі ауысымда ұйымдастыру арқылы орталықтағы студенттер санын екі есеге арттыру, сондай-ақ барлық білім беру мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін қосымша қысқа курстар ұйымдастыру туралы ұсынысын KOICA-ның Өзбекстандағы офисінің директоры толық мақұлдады.
Кездесуге Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің бөлім басшысы Ильхомжон Аброров та қатысты, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.