Ферғанада қуаты 1200 МВт-қа тең күн электр станциясы құрылуда

    Энергия 3 Iyun 2021 1634

    Қытай компаниясы Ферғана облысында үлкен күн электр станциясын құруды жоспарлаған.

    Аталмыш мәселе облыстың әкімі Хайрулло Бозоровтың Қытайдың Liaoning Lide компаниясы делегациясы үшін ұйымдастырған қабылдауында талқыланды. Компанияның басқару кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Цзинминь, Жобалар департаментінің басшысы Сяо Чунхунь және Өзбекстан филиалының директоры Чжоу Жуньканмен болған сұхбатта Қытай компаниясының облыс аумағында жобаның құны 700 миллион долларға тең, қуаты 1200 МВт-қа дейінгі үлкен күн электр станциясын құру жобасы туралы айтылды.

    Сонымен қатар сұхбатта әлемдегі дәсүрлі энергия ресурстары шектелген бүгінгі жағдайда және болашақта осы жобаның Ферғана облысы үшін ең маңызды орын иелейтіні тілге тиек етті. Бірнеше айдан бері жалғасқан келіссөздер қорытындыланғаны, облыс әкімшілігі жобаны жүзеге асыру үшін ұсынылған жер алаңдары аумағында соңғы техникалық зерттеулер өткізілгені де айтылды. Жақын күндерде бұл істер аяқталып, жобаның нақты қуаты және құны белгіленеді. Соңынан Өзбекстан Энергетика министрлігі, облыс әкімдігі және Liaoning Lide компаниясы арасында меморандумға қол қою жоспарланған.

    Қазірде Біріккен Араб Әмірліктерінің “Masdar”, Францияның “Total Eren”компаниялары тарапынан Науаи және Самарқантта әр бірінің қуаты 100 мегаватқа тең күн фотоэлектр станцияларын құруға кіріскені туралы айтып өткен обылыс әкімі, Ферғанада жүзеге асырылмақшы болған жобада да киловатт-сағат электр энергиясы бағасы “Masdar” және “Total Eren” тарапынан ұсынылған тарифтер айналасында болуы керек екеніне көңіл бөлді.

    Қытайлық қонақтар, Ферғана өлкесіндегі қайта тіктелетін энергияның бірінші жобасы үшін банк несиелері емес, тікелей инвестцияларды жұмылдыруды жоспарлағанын мәлімдеп, өндірілген электр энергияны 25 жыл мерзімде сатып алу үшін “Өзбекстан ұлттық электр тармақтарына” ең тиімді тарифтерді ұсынуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ферғана облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates