Ислам өркениет банкінің 550 мың доллар қаржысы есебінен Чехия елінде өндірілген заманалық “TERABALT” нұр аппаратын әкеліп, филиалға орнатылды. Айтар болсақ, Ферғанада радиотерапия бөлімінің ашылуына соңғы бір жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен 970 миллион сумға құрылыс-жөндеу және қайта жиһаздау істері жүргізілді.
Радиология бөлімінің ашылуы Ферғана облысының барлық науқастарына осы жердің өзінде, артықша әурегершіліксіз дер кезінде нұр терапия емдерін алуға мүмкіндік жасалды.
Бұрын нұр терапиясын алуға 3-5 ай басқа облыстың онкология мекемелеріне кезекке тұруға тура келген. Бұл емдеу нәтижелілігін төмендетіп, кейбір науқастарда кезегі келгенге дейін ауруы өршігендер байқалатын. Енді аумақтардағы онкология орталықтарында радиология бөлімі құрылды және ең заманалық радиотерапевтік қондырғылармен, сондай-ақ жетік кадрлармен қамтамасыз етілді , деп хабарлады Ферғана облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйеніп.
Радиолог дәрігерлер Беларусь, Үндістан және Түркия мемлекеттерінің жетекші клиникаларында өз білімдерін жетілдіріп келді.