Екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизмге қарсы күрескен, тылда еңбек еткен
жандарға құрмет көрсету — осы күннің ажырамас бөлігі саналады. Президенттің
қаулысына орай, бүгінде еліміздегі ардагерлердің хәлінен хабар алынып, олардың
ерлігі мен еңбегі лайықты бағалануда.
Шыланзар
ауданында тұратын Тамара Цоколованың үйінде де мерекелік көңіл-күй орнады. Ішкі
істер министрі, генерал-лейтенант Азиз Ташпулатов ардагердің шаңырағына барып,
Президенттің жолдаған құттықтауын оқып берді. Ленинград қоршауын бастан
өткерген әжейге мемлекеттік марапаттар табысталып, зор денсаулық тіледі.
Сондай-ақ балалық
шағы концлагерьде өткен Мария Дегтяроваға да мемлекет басшысының құттықтауы мен
сыйлықтары жеткізілді. Соғыс жылдарының ауыр жағдайларын бастан кешірген
ардагер қонақтарға алғысын білдірді.
Екінші
дүниежүзілік соғыс қатысушысы Николай Петрунин де мереке қарсаңында құрметтелді.
Қазақстанда дүниеге келіп, кейін өмірін Ташкентпен байланыстырған ардагерге
құттықтау хаты оқылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Анна Каримова,
Мария Камарова, Наталья Спивак, Надежда Кудризкая және Алла Фунтикова сынды
ардагерлердің үйлерінде болып өткен кездесулерде бейбітшілік, сабырлық және
адам қадірі жайлы шынайы әңгімелер өрбіді.
Ардагерлер
мемлекет пен халықтың ықыласына ризашылықтарын білдіріп, бүгінгі тыныш әрі
бейбіт өмірдің қадірін білу қажеттігін атап өтті.
Мұндай шаралар
аумақтық ішкі істер органдары тарапынан да жалғасып, соғыс және еңбек
ардагерлеріне құрмет көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.