Резиденция алдындағы алаңда екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды ыстық ықыласпен қарсы алып, мінберге шақырды.
Өзбекстан мен Финляндияның мемлекеттік гимндері орындалды. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылы сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Салтанатты рәсім аяқталған соң, естелік суретке түсіп, делегациялардың қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.













