«Финляндия Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоханна Мария Огрен ханымнан сенім грамоталарын қабылдап алдық, – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. – Соңғы жылдары Өзбекстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жанданып келеді.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды ынталандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Елші ханымға жауапты дипломатиялық қызметінде табыс тілеп, Өзбекстан–Финляндия қатынастарын одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларын жан-жақты қолдайтынымызды жеткіздік».

Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 26 ақпанда орнатылған.