Осыған байланысты 17 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сирил Гу Франция Ішкі істер министрлігі тарапынан Орталық Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты үйлестіруге жауапты болып тағайындалғанын мәлімдеді.

Оның Ташкентте қызмет атқаруы Өзбекстан мен Франция арасындағы құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылды.

Кездесу барысында екі елдің ішкі істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, атап айтқанда, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және байланыстарды нығайту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуге келісті. Кездесу соңында Сирил Гуға жауапты қызметіне табыс тілінді.