Францияда цирк қойылымдарында жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынды

    Іс-шаралар 19 Noyabr 2021 348

    Франция парламенті жабайы жануарлардың құқығын қорғау бойынша жаңа заңды мақұлдады, онда жылжымалы цирктер үшін жабайы аңдарды сатып алуға, көбейтуге және сатуға тыйым салынған.

    2020 жылдан бері талқыланып келе жатқан заңда арыстан, жолбарыс және ақ аю сияқты жабайы жануарлардың қатысуымен тамаша қойылымдарға тыйым салады. Заң 2024 жылы күшіне енеді.

    Айтылуынша, жабайы аңдарды телебағдарламаларда, түнгі клубтарда және мерекелерде пайдалану, аң терісінен сәндік киім үшін көбейту де заңға қайшы екені атап өтіледі.

    Жаңа заң сонымен қатар жануарларға қатыгездік жасағаны үшін ең жоғары жазаны бес жылға бас бостандығынан айыру мен 75 мың еуро айыппұлға дейін арттырады.

    Франция Президенті Эммануэль Макронның «Қозғалыстағы Республика» орталық партиясы бұл заңды жануарлар құқығын қорғаудағы «тарихи қадам» деп атады. Сауалнамаға қарағанда, Франця тұрғындарының көпшілігі цирк қойылымдарында жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салуды қолдайды.

    Алайда, жылжымалы цирктің иесі, Франция цирк жануарларын жаттықтырушылар кәсіподағының басшысы Уильям Кервич пен одақ мүшелері сотқа шағым түсіріп, заңға қарсылық білдіретіндерін айтты. Ескерте кетейік, Францияда 120-ға жуық цирк иесі бар, деп хабарлайды Deutsche Welle.

    «Бұл еріксіз қабылданған заң, өйткені біздің циркіміздегі жануарларды кемсітпейміз», - деді Уильям Кервич.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates