Германия делегациясы астанамызға келді

    Үстіміздегі жылдың 9 октябрінде Ташкент қаласының әкімдігінде Берлин Федералды жерінің Әділет және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сенаторы Фелор Баденбергпен кездесу өтті.

    Кездесуде елорда әкімі Ш. Умирзаков және тағы басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

    Ш. Умирзаков бұл кездесуді Германия Бас канцлері Олаф Шольцтің жуырда Өзбекстанға жасаған сапарының жалғасы деп атады және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше тоқталды. Ол соңғы жылдары елдеріміздің басшылары жолға қойған тиімді диалог екі тарап арасындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін бергенін айтты.

    Өзара тауар айырбастау және инвестициялар көлемінің өсіп келе жатқаны, еліміздің іскерлері арасында өзара «көпір» құру мақсатында, «Өзбекстан-Германия Іскерлік кеңесінің» қызметі жедел жолға қойылғаны, елімізде Германия «дуальды білім беру» жүйесін орнату мен мелекеттік басқару кадрларын қайта даярлау салаларында және белсенді ынтымақтастық орнату жалғасып жатқаны қуанарлық жайт екенін айтты, сондай-ақ Ташкент қаласында жүзеге асырылып жатқан және көзделген маңызды жобалар, атап айтқанда “ақылды қала” концепциясына тоқталды.

    Сенатор Фелор Баденберг шынайы және жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Ташкент қаласының дамуы мен әсемдігі таңқаларлық екенін айтты. Өзбекстанның экономика, саясат, өнеркәсіп, білім, мәдениет және тағы басқа да салалардағы жоғары әлеуетін мойындай отырып, ол өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы айтты, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында қос тарап бұл кездесуді ресми оқиға емес, достық қарым-қатынас пен коммуникацияны дамытудың жаңа кезеңі деп атады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates