Зейнетке шыққаннан кейін ол жұбайымен бірге Шлезвиг-Гольштейнде жасаған, деп хабарлайды BILD.

Ол өз туған елі — Нигерияға оралуды, әсіресе билеуші ретінде баруды жоспарламаған еді. Бұл — Батыс Африкадағы ең кедей елдердің бірі.

Жибей 1970 жылы медицинаны оқу үшін стипендиямен Германияға барған. Кәсіби жетістіктерінен бөлек, оның асыл текті әулеттен шыққаны да белгілі: ол ақсүйектер әулетіне жатады және 2023 жылы қайтыс болған бұрынғы монархтың мұрагерлерінің бірі саналған. Оның айтуынша, егер ол лауазымға үміткер болудан немесе тәжді қабылдаудан бас тартса, отбасы оны қолдамайтын еді.

Нигерияда мемлекеттік билік ел астанасы — Ниамейдегі орталық үкіметке тиесілі болғанымен, дәстүрлі басқару жүйесі де сақталған. Халқы 150 мың адамға дейін жететін Кокору аумағында билік ауыл ақсақалдары кеңесі сайлаған корольдің қолында.

Сайлауға 10-нан астам үміткер қатысты. Германиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның кейбір қарсыластары тіпті Жибейге қоқан-лоқы көрсеткен. Соған қарамастан, ол 51 дауыстың 25-ін алып, жеңіске жетті. Осы сәттен бастап Германиядағы бұрынғы бас дәрігер Кокоруның королі атанды және бұл қызметті өмір бойы атқарады.

Жибейдің айтуынша, елдегі жағдай әлі де күрделі, жиһадшы топтардың белсенділігі елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан ол ел аумағында тек қауіпсіздік күштерінің сүйемелдеуімен ғана жүре алады.

Ол өз рөлін жергілікті халық пен орталық үкімет арасындағы дәнекер ретінде көреді. Король салық жинау және сот шешімдерін шығару құқығына ие. Сондай-ақ ол өңір инфрақұрылымын дамыту, ресурстарды тиімді пайдалану және халыққа пайда әкелуді мақсат етіп отыр.

Жибей Германиядағы өмірінен толықтай бас тартпайды: ол мезгіл-мезгіл Шлезвиг-Гольштейнге қайтып келіп тұруды жоспарлап отыр. Ол болмаған кезде Нигериядағы міндеттерін оның інісі атқарады.

Бұған дейін Нигерия, Ресей және Қытай МАГАТЭ-нің Иран бойынша резолюциясына қарсы дауыс бергені хабарланған еді. Құжатта қаруға жақын деңгейде байытылған уран қоры туралы нақты ақпарат беру талап етіледі. Резолюцияны 35 мемлекет қолдап, 12-сі бейтарап қалды.

Қазіргі уақытта Нигерия үкіметі АҚШ, Ресей және Қытаймен уран сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Financial Times басылымының хабарлауынша, ел шикізатты кез келген сатып алушыға сатуға дайын. Ниамейде жалпы құны 240 миллион АҚШ долларына тең, мың тоннаға жуық уран сақтаулы, деп хабарлады oz.inform.kz.