баннер
22 Apr 2025
20:16

    «Жасыл университетте» заманауи «in-vitro» зертханалары құрылады

    Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара, Сұрхандария, Жызақ, Ферғана және Ташкент облыстарында мемлекеттік «in-vitro» зертханаларын құру, сондай-ақ жекеменшік «in-vitro» зертханаларын ашатын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету жоспарлануда.

    Бұл ұсыныс қалың жұртшылық өкілдерінің, эко-белсенділердің, әлеуметтік желі белсенділерінің ұсыныстары мен пікірлері негізінде дайындалған және «Өзбекстан-2030» бағдарламасында қоршаған ортаны сақтау және «жасыл экономика» жылында жүзеге асыруға қатысты Мемлекеттік бағдарлама туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында талқылауға қойылған.

    Іс жүзіне ұсынылуы

    Жобаға сәйкес, Орталық Азиялық қоршаған орта және климаттың өзгеруін зерттеу университеті («Жасыл университет») жанындағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында заманауи «in-vitro» зертханалары құрылады.

    Халықаралық тәжірибе

    Шет елде in vitro зертханаларынан пайдалану арқылы көшет өсіру әдісі кең таралған тәжірие есептеледі. Зертханаларда өсімдіктерді ұсақ бөліктерден (тіндер мен жасушалардан) микрокөбейтудің төмендегі артықшылықтары бар:

    — өсімдіктердің тез көбею қабілеті бар;

    — шағын жерде өсімдіктен қысқа мерзімде көп көшет алуға болады;

    — жыл барысында, маусымға қарамай көшеттер өсіріледі;

    — көшеттерді өсіру үдерісі қауіпсіз және үнемді болады, сау және арзан көшеттер өсіріледі;

    — өсімдіктің биологиялық қасиеттері толық сақталған;

    — сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер осылайша көбейтіліп, сақталады.

    Пайдалы жақтары

    Республикада көшеттердiң түрлерiн тез және көп мөлшерде өсiру мүмкiндiгi, сондай-ақ көшет отырғызудың заманауи жүйесi жасалады.

    Осылайша өсірілген өсімдіктер ең алдымен жер учаскелерін 3-4 есе оңтайландырады. Егер көшеттерді әдеттегі жолмен өсіру үдерісі 3-4 жылға созылса, зертханалық жағдайда бұл кезең 2 есеге қысқарады.Сонымен қатар жылдам өсуі, ауру мен зиянкестерге төзімді және қоршаған ортаға бейімделу сияқты артықшылықтарға ие.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech