Гүлстандық акушерлер Жапонияның 100 мың долларлық грантын жеңіп алды

    Денсаулық 5 Oktabr 2021 2965

    Гүлстан қалалық медициналық бірлестігі акушерлік кешенінің дәрігерлері Жапонияның “Шағын көлемдегі әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек” бағдарламасында өз жобаларымен қатысып жеңілдетілген грант иесі болды.

    — Жүкті және жүктіліктен кейінгі жағдайдағы науқас әйелдерге білікті медициналық қызмет көрсету жүйесін Гүлстанда жолға қоюда жаңа, инновациялық жоба негізінде қатыстық, — дейді туу кешенінің мегерушісі Шахло Назарова. —Жоба бастамашылары ұсынған жобамызды үйреніп шықты. Мақұл болған болса керек 100 мың долларлық грантты ұсынды.

    Жуырда аталмыш акушерлік кешенге Жапонияның КIKO GLOBAL CO,.LTD ұйымы өткізген грант жобасы негізінде құны 90 900 доллар көлеміндегі ота жасайтын үстел, өкпеге жасанды ауа беру жиһазы АRT-300, заманалық хирургиялық жиһазы ACUTOR SR-II, CR Operation Light Crystal series CR04SC операция лампасы, Электрокардиограф 8 100 сияқты медициналық қондырғылар берді.

    Енді гүлстандық акушер және гинекологтар грант жобасы негізінде Гүлстан қалалық медициналық бірлестігінің акушерлік кешеніне әкелінген заманалық, ең соңғы маркадағы медициналық жиһаздардан пайдаланып, енді ғана ана болған және туу жасындағы әйелдерге білікті қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Сырдария облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates