Бұл туралы Өзбекстан ақпарат агенттігі хабарлады.
Үкімет қаулысына сәйкес, Өзбекстанда әйелдер арасында алғаш рет каратэден WCF бойынша әлем чемпионы атанған спортшыға Президент сыйлығы ретінде BYD Song Plus DM-i UzPride автокөлігі беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Алимардонова әлем чемпионатының финалында малайзиялық қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Бұл нәтижемен ол Өзбекстан спорты тарихындағы каратэден әйелдер арасындағы тұңғыш Әлем чемпионы атанды.