Қажылық сапары қарсаңындағы қауесеттерге пікір айтылды

    Нақты 5 Iyun 2022 1519

    Мұсылмандар кеңсесі қажылық сапары қарсаңындағы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

    Онда “Қажылық-2022” маусымы үшін бір қажыға төленетін төлем мөлшері 62 миллион 900 мың сум етіп белгіленгені және бұл төлемге не кіретіні айтылған.

    Яғни, Саудия үкіметі тарапынан қажылық сапары бағасына әсер ететін қосымша салықтар мен міндетті төлемдер енгізілгені, соныдай-ақ коммуналдық, көлік, электр энергиясы және тағы басқа да қызметтерге төленетін төлемдер көлемін бірнеше есеге (30-40 пайыз) артқаны, қажылық сапарларын ұйымдастыратын мекемелердің қызметтеріне 2022 жылы жаңа міндетті төлемдер енгізілгенін, сондықтан әлем елдері үшін қажылық қызметтерінің бағасы орта есеппен 40-45%-ға өскенін атап өтті.

    Үйренулер нәтижесінде кейбір елдерде қажылық сапарлары үшін «Экономикалық», «Люкс» және «VIP» пакеттерінде қызмет көрсетіледі.

    Басты назар аударарлық тұсы — Өзбекстан тарапы Саудиямен жүргізілген ұзақ келіссөздер нәтижесінде зияратшылар үшін экономикалық пакет бағасына люкс дәрежесіндегі қызмет көрсетуге қол жеткізді, төлемге орташа баға белгіледі.

    Кейбір елдерде ең қымбат пакеттердің бағасы 25 мың АҚШ долларға дейін белгіленген.

    Өзбекстан Мұсылмандары кеңсесінің мәлімдемесінде былай деген: жерлестеріміз үстіміздегі жылы бірінше рет Мадина қаласында “Масжиди Набаийден” 100 метр қашықтықтағы 5 жұлдызды “Зам-Зам Пуллман” және “Краун Плаза” қонақүйлерінде болады. Негізі бұл қонақүйлер люкс қонақүйлердің қатарына жатады. Меккеде олар «Аброж ал-Хидоя» қонақүйінде тұрады.

    Бұл қонақ үйлер жоғары сыйымдылығымен және киелі орындарға жақындығымен ерекшеленеді. Мәселен, Меккедегі «Абраж ал-Хидоя» қонақ үйінің барлық қажыларымызды бір уақытта қабылдауға мүмкіндігі бар.

    Еліміздің зияратшылары қажылық сапарымыз тұрақтылығы кейбір көрші елдердегідей 14-17-20 күн емес, бірақ 26 күнді құрайды. Бұл, әрине, бағаға әсер етеді.

    Тағы бір маңызды жайт, ағымдағы қажылық маусымында Саудия Арабия үкіметінің қаулысына сәйкес, барлық төлемдер шіркеттер арқылы емес, Саудия Арабиясы Қажылық және Умра министрлігінің «Қажылық электрондық порталы» арқылы жүзеге асырылды. Бұл порталда әр ел үшін жеке есеп шоты бар, барлық қызметтер: қонақүй, көлік, ойын-сауық және т.б. осы жардің өзінде адам факторсыз жариялылық түрде жүзеге асырылады.

    Биылғы маусымда машоир (Мина, Арафат, Муздалифа) қызметтері де айтарлықтай өсті. Соған қарамастан, экономикалық пакет алынды және бұрын көрсетілмеген қызметтерге қол жеткізілді.

    Атап айтқанда, бұрын зияратшылар Мина аңғарында кілем үстінде ұйықтайтын болса, биыл әрбір қажыға арнайы матрацтар бөлінетін болды. Сонымен қатар, басқа елдерде ыстық тамақ 3 рет берілмесе де, еліміздің зияратшылары үшін Мина мен Арафатта 3 рет ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар, тәулік бойы тегін медициналық көмек көрсетіледі.

    Қажылық үшін төленетін сомаға мыналар кіреді:

    қажылық визасы;

    Авиабилеті;

    Қалааралық (Мәдина-Мекке-Жидда) көлік қызметі;

    Мәдина қаласындағы Zam-zam Pullman және Crown Plaza қонақ үйлері;

    Мадина қаласындағы Ухуд тауы, Қуба және екі құбыла мешітіне зиарат;

    Мекке қаласындағы «Абрадж ал-Хидоя» қонақ үйі;

    Мино қаласында, Арофат және Муздалифа аңғарларындағы барлық қызметтер;

    24 сағаттық медициналық көмек;

    Қажыларды медициналық сақтандыру;

    24 сағаттық тасымалдау қызметі;

    3 мезгіл ыстық тамақ: таңғы ас, түскі және кешкі ас;

    Қажылық жөніндегі нұсқаулық;

    Мемлекеттік рәміздері бар кемзал мен сөмкелер;

    «Зәмзәм» суы (5 литр);

    Республиканың 7 аумағынан шығарып салу жәнен күтіп алу;

    Мадинаи Мунаввараға тікелей рейстер;

    Құрбандық шалу.

    Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, биыл зияратшыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету жоспарланып отыр. Бұл үшін барлық күш пен мүмкіндік жұмылдырылды, деп хабарлайды Өзбекстан мұсылмандары кеңсесінің баспасөз қызметі.