Қажылық және умра министрі Өзбекстанға келді

    27 сентябрь күні Сауд Арабиясы Патшалығының Қажылық және умра істері министрі Тавфиқ бин Фавзон ар-Рабиа бастаған делегация елімізге сапармен келді.

    Мәртебелі қонақтарды Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Музаффар Комилов, Өзбекстан мұсылмандары кеңсесінің төрағасы, мүфти Нуриддин домла қазіреті, Дін істері бойынша комитетінің төрағасы Садиқжон Тошбоев және бір топ жауаптылар күтіп алды. Халықаралық әуежайдың күту залында мәртебелі қонақпен шағын сұхбат болды.

    Аталмыш сапардың негізгі мақсаты — Өзбекстан мен Сауд Арабия Патшалығы арасындағы ынтымақтастықты қарым-қатынастарын жетілдіру, әсіресе діни-рухани, ғылыми-зерттеу, туризм, транспорт саласындағы байланыстарды нығайтуға қаратылған. Сонымен қатар қажылық және умра сапарына барушы зияратшыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, елдегі ғылыми орталықтармен жақын ынтымақтастықты орнату сияқты маңызды мәселелерді де қарау көзделген.

    Саудия Арабиясы делегациясының өкілдері елімізге сапары барысында Өзбекстан мұсылмандары кеңесі, Дін істері бойынша комитетімен, мүдделі министрліктер мен кеңселердің басшыларымен келіссөздер жүргізуі көзделген, деп хабарлайды Өзбекстан мұсылмандар кеңсесінің Баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates