Президент әскери білім беру жүйесімен танысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Шавкат Мирзиёев әскери білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстардың тұсаукесерімен танысты.

    Бұл бастама биыл 21 ақпанда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берілген тапсырмаға сәйкес әзірленген. 20-дан астам шет мемлекеттердің озық тәжірибесі зерттеліп, соның негізінде әскери білім берудің жаңа ұлттық үлгісі жасалды.

    Жоспарға сай, Қарулы Күштер академиясы қайта құрылып, оның негізінде Өзбекстан Республикасының әскери қауіпсіздік және қорғаныс университеті құрылады. Қорғаныс министрлігінің барлық әскери оқу орындары – 5 институт, Сержанттар даярлау жоғары мектебі, сондай-ақ Авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары мамандарын даярлау орталығы осы университет құрамына беріледі. Бұл орталықтандырылған вертикалды жүйе әскердің жауынгерлік әлеуетін арттырып, дуальды білімді кеңейтуге және ғылыми зерттеулерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

    Мысалы, Сержанттар даярлау жоғары мектебінде армияның негізгі тірегі саналатын сержанттарды оқытуда жаңа жүйе енгізіледі. Онда олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, заманауи қарулар мен жаңа тактикалық әдістер бойынша біліктілігін арттыру көзделген.

    Жаңашылдықтардың бірі шағын бағыттағы мамандықтар бойынша «2+2» жүйесін енгізу. Яғни, психолог, байланысшы, жабдықтаушы, қойма меңгерушісі секілді 18 түрлі қосалқы сала мамандары өзге жоғары оқу орындарының 2-курс студенттері арасынан іріктеліп алынады.

    Дарынды жастарды қолдау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап бітіруші курсанттар үшін «Жоғарғы Бас Қолбасшы» мемлекеттік стипендиясы тағайындалады. Бұл стипендия иегерлері бакалавриатты тәмамдағаннан кейін бес жыл ішінде әскери магистратураға емтихансыз қабылданады.

    Сонымен қатар, әскери жоғары оқу орындарының 36 білім беру бағыты бойынша түлектер бірден екі дипломға – азаматтық және әскери мамандыққа ие болады. Бұл олардың әскери қызметтен кейін де еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашады.

    Осы реформаларға сай әскери педагогтарды іріктеу талаптары да күшейтіледі. Атап айтқанда, оларды жетекші шетелдік мемлекеттерде оқыту жүйесі енгізіледі.

    Таныстырылым соңында ұсыныстар мақұлданып, оларды тиімді іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates