Айт мерекесі қарсаңында жолаушыларға қолайлылық

    Көлік 18 Iyul 2021 1034

    «Ташкент – Әндіжан – Ташкент» бағытында қосымша пойыз қатынауы жолға қойылады.

    Құрбан айт мерекесі қарсаңында жолаушыларға тағы да қолайлылық жасау мақсатында 22 июльде «Ташкент – Әндіжан – Ташкент» бағытында 60/59 санды пойыздың қосымша бір реттік қатынауы жолға қойылады, деп хабарлады «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ баспасөз қызметі «Ўзтемирйўлйўловчи» АҚ мәліметіне сүйеніп.

    Сондай-ақ хабар арқылы қосымша мәліметтерді Ташкент қаласында 1005 қысқа телефон нөмері, жер-жерлердегі темір жол кассалары сондай-ақ мәліметтер бюросынан біліп алу мүмкін.