«Hl Technology» компаниясы Өзбекстанға 10 миллион доллар инвестиция салады

    Инвестициялар 12 Yanvar 2024 639

    «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев ҚХР-ның «Hl Technology» компаниясының өкілдерімен сұхбаттасты.

    Кездесудің басты тақырыбы еліміздегі тері өнеркәсібі, құрылыс, мебель жиһаз және автомобиль өнеркәсібіне қажетті болған желім шикізатын өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі болды.

    Анықтама үшін: “Hl Technology” компаниясы Қытайдың Исин қаласында орналасқан. Негізінен желім, акупунктур жапсыратын мақта, тоқыма емес мата, жасанды тері, химиялық заттар өндірумен айналысады. Компанияның ғылыми-зерттеу орталығы, өндіріс және сату тармақтарын қамтыған. Жылдық өндірістік қуаты 10 000 тоннаны құрайды. Өзбекстанда Ферғана, Самарқант облыстарындағы кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан.

    Сұхбатта компания менеджері Жун Шао Өзбекстанда соңғы жылдары өндіріс әлеуеті артқанын, халықаралық базарда еліміздің өніміне сұраныс жоғары екенін, үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан іс жүзіндік көмек қытайлық инвесторлардың елімізге инвестиция әкелуге қызығушылғы арттырып отырғанын атап өтті.

    Келіссөздер кезінде «Hl Technology» компаниясы Өзбекстанның өнеркәсіп салаларына қажетті желім және формалин шикізатын өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бастамасын білдірді. Жобаның бастапқы құны 10 миллион доллар, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, 2023 жылы Өзбекстанның өнеркәсіпорындары жалпы мөлшерде 31 миллион долларға желім шикізатын шетелден импорттаған. Бұл жобаны тиімді жүзеге асыру нәтижесінде кемінде 50 пайыз ішкі базардағы сұраныстың өтелуіне қол жеткізіледі.