Қауымдастық негізіндегі әлеуметтік қызметтер Өзбекстанда әлеуметтік қорғауды күшейтуге көмектеседі

    Өзбекстан Республикасы Махалла және жанұяны қолдап-қуаттау министрлігі UNICEF-пен ынтымақтастықта әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жаңа жобаны бастады.

    Жоба ең алдымен жанұялардың ажырасуын, кембағалдық, зорлық және шеттетудің алдын алу үшін қауымдастыққа негізделген әлеуметтік қызметтерді жоспарлау, жүзеге асыру, жеткізіп беру және мониторингілеу бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибені қолданып Ташкент қаласының Алмазар ауданында және Ташкент облысының Ангрен қаласында сынақтан өткізіледі.

    Жұмыстарды басқаруға (кейс менеджмент) негізделген тұтас әлеуметтік қызметтерді көрсетуді мақсат еткен бұл жоба аясында қауымдастықтың әлеуметтік қызметкерлері қазіргі күнде көптеген министрліктер мен кеңселер көрсететін әлеуметтік қолдап-қуаттау қызметтерін үйлестіретін байланыстырушы құрал болады.

    Жоба қажеттіліктерді ескеретін, сондай-ақ әлеуметтік қолдап-қуаттау қызметтерінің тұрғындар қежеттіліктеріне сәйкес жасалуын қамтамасыз ететін жүйе жұмысын қамтиды. Сынақ жобаның нәтижелері әлеуметтік қорғау саласын жаңғырту бағдарламасының негізі саналып, әсіресе, қорғауды кешенді қамту үшін институционалдық базаны жасауда қолданылады.

    — Күшті әлеуметтік қорғау жүйесіне, кемсітуге қарсы, адам құқықтарына негізделген және инклюзивті жанасу негізінде жұмыс істейтін жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлермен біргелікте Өзбекстандағы көмекке мұқтаж адамдардың, топтар мен жанұялардың өмірінде оңды өзгерістер жасалынады, — дейді UNICEF-тің Өзбекстандағы өкілеттігі басшысының орынбасары Жоффри Ижумба.

    Кейс менеджмент жанұяны жан-жақты қолдап-қуаттау үшін қажеттіліктердің тұтас көрінісін және басқа қызметтермен байланысын қамтамасыз етеді. Көбінесе, балалар мен жанұялар жолығатын әртүрлі проблемаларды шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдем, мүгедек тұлғаларға жәрдем беру, киім-кешек, азық-түлік, оқу құралдарымен қамту, қоғамдық жұмыстарды өткізу сияқты қызметтерді ұсынады. Бірақ Өзбекстанда әлеуметтік қолдап-қуаттау жүйесі түрлі кеңселер арасында кеңінен таралған болып, көбінесе әлеуметтік қызмет көрсетушілердің жанұя қажеттіліктері жөнінде толық көзқарасқа ие болуының және қиыншылықтарды жеңуде ненің қажет екенін білулерінің мүмкіндігі болмайды.

    Сынақ үлгісіндегі жоба аудан және қауымдастық дәрежелеріндегі қызмет көрсетушілерге күнделікті жұмыста әлеуметтік қызмет дағдыларын, кәсіптік әдеб-ақылақ ережелерін қолдану мүмкіндігін береді. Бұдан тыс ол барша үшін әлеуметтік қорғау бағдарламасын одан әрі тиімдірек жоспарлау мен жүзеге асыруда ақпараттық басқарудың интеграцияланған жүйесін және бағыттаушы механиздерді жаратады.

    Шарада жобаны маңызды ерекшеліктерінің бірі тұрғындар ділгірліктерінің шешімін табуға жауапты министрліктер мен кеңселерді жұмылдыру, әрбір мәселені өз иесіне бағыттау екені айтылды. Жұмыстарды осылай жүзеге асыру махаллаларда азаматтардың ділгірліктерін жылдам мекенді жоюға, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің нәтижелілігін арттыруға септігін тигізетіні тілге тиек етілді.

    Сынақ жоба аясындағы қызмет инклюзювті, қажеттіліктерге негізделген және индивидуалды қызметтерді пайдаланулары үшін тұрғындардың табысы аз, көмекке мұқтаж буынын, мүгедек тұлғаларды, балалы әйелдер және әйелдерді қамтиды. Бұл жоба Өзбекстанда әлеуметтік қорғауды жетілдіру бойынша БҰҰ-дың Біріккен бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

    Арухан АҚПАНБЕТОВА,

    “Нұрлы жол” газетінің тілшісі

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates