Құқықты-насихаттау органдарының өкілдері тыныштықы нығайтуда әйелдердің рөлі мәселесін талқылады

    Терміз қаласында судьялар, сондай-ақ прокуратура, ішкі істер, ұлттық гвардия, төтенше жағдайлар, кеден сияқты құқықты қорғау органдарының қызметкерлеріне «Тыныштық пен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

    Шараны ағымдағы жылдың 12-13 сентябрь күндері Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

    Қатысушылар гендерлік теңдікті нығайту және қаулылар қабылау кезінде әйелдерді кеңінен тарту, олардың БҰҰ-ның 1325-резолюциясын орындауға белсенді қатысу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарындағы жоғары лауазымдарда әйелдердің өкілдік дәрежесін арттыру болашақтары қарастырылды.

    Семинар Өзбекстан мен «БҰҰ — Әйелдер» құрылымы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастығы бойынша «Жол картасын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Бұл құжат ағымдағы жылдың 7 августа өткен Гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның жиналысында бекітілген.

    Тренингтің ашылуында Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығы директорының орынбасары Дильноза Муратова мен ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобаларының үйлестірушісі Антти Карттунен сөз сөйледі.

    Атап өткендей, соңғы жылдары жүзеге асырылған кең ауқымды реформалар нәтижесінде Өзбекстанда қоғам өмірі мен қызметінің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері қамтамасыз етілуде. Әйелдерді зұлымдықтан, зорлық-зомбылықтан және қысым көрсетуден қорғаудың күшті заңнамалық база жасалған.

    Өзбекстанда гендерлік теңдік мәселесі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген. Бұл маңызды тақырып «Өзбекстан-2030» стратегиясында да өз көрінісін тапқан. Осы Стратегияның аясында әйелдердің белсенділігін арттыру, ана мен баланы қорғау, гендерлік теңдікті, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.

    Өзбекстанның заманалық Сайлау кодексінде депутаттыққа кандидаттардың кемінде 40 пайызы, яғни 5-тен 2-сі әйелдер болуы керек деп белгіленген. Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудағы әйелдердің үлесі 27-ден 35 пайызға дейін өсті.

    Біздің қоғамдағы әйелдердің орны мен рөлі айтарлықтай артып келеді. Бүгінде олар мемлекеттік басқаруда, экономикада, білім беруде және басқа да салаларда тұрақты түрде маңызды қызметтерді атқаруда.

    Семинарда осы оң үдерістерді одан әрі дамыту, тыныштық пен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдердің рөлін арттыру мәселелері терең талданды.

    Жаттығуларда Өзбекстан Республикасы Отбасы және әйелдер мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Мукаррам Нурматова, Жоғарғы соттың өкілі Нилуфар Бобомуратова, Бас прокуратураның өкілі Умида Бегматова, Ішкі істер министрлігінің өкілі Умида Абдуллаева, Ұлттық гвардияның өкілі Барно Аширматова, Қорғаныс министрлігінің өкілі Бахтиёр Мардиев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Латофат Амонова сз сөйледі.

    Шара аясында «Сот жүйесі мен құқық қорғаушы органдарының басшылық лауазымдарда әйелдердің өкілдік дәрежесін арттыру», «Қауіпсіздік пен қорғаныс саласында басшылық лауазыдарға кіруге әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету» сияқты тақырыптар тыңдалды. Семинар қызу пікірталас рухында өтті.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының

    Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.


    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates