Бұл туралы Президенттің “Елде жаңа қолданбалар негізінде өндірісті ұйымдастыру жүйесін енгізу және ғылымды қолдап-қуаттаудың қосымша іс-шаралары туралы” Жарлығында (ПЖ–54-санды, 04.04.2026 ж.) белгіленді.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдан бастап:

кәсіпорындардың жарғылық қорындағы мемлекеттік үлесті басқару функциясы сенімхат негізінде құрылтайшыларға беріледі және 5 жыл бойы мемлекеттік үлесті жекешелендіруге тыйым салынады;

кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуден өткізу және олардың жарғылық қорындағы мемлекеттік үлесі мөлшерін өзгерту кезінде Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің қаулысын қабылдау және Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің алдын ала келісімін алу талап етілмейді;

кәсіпорындар құрылтайшылардың Инновациялық қызметтін қолдап-қуаттау қоры қаражаттары есебінен құрылған жағдайда, ол заңнамада белгіленген тәртіпте венчурлық қаржыландыруға теңестіріледі;

 кәсіпорындардың еңбек ұжымы құрамында құрылтайшының профессор-оқытушылары (ғылыми қызметкерлері) немесе студенттері, ізденушілері де қызмет етуі талап етіледі;

кәсіпорынға инвесторлар тарапынан инвестиция енгізуге қатысты келісімдер (бітім, шарт, меморандумдар) бойынша өкілетті мемлекеттік органның қорытындысы талап етілмейді.