Бұл туралы Президенттің 2026 жылғы 10 қарашадағы «Жаңа Ташкент қаласы мен аумақтардағы жоғары мультипликативтік нәтижеге ие ірі қала құрылысы жобаларын қолдап-қуаттау іс-шаралары туралы» ПЖ–243-санды Жарлығында белгіленген.

Құжатқа сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылғанға дейін арнайы құқықтық режим аясында Жаңа Ташкент қаласының әкімдігі құрылады. Оның әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылғанға дейін өз қызметін жүзеге асырады.

Әкімдік басқару аппаратының үлгілік құрылымы Жарлықтың 4-қосымшасымен бекітілген. Осыған орай, әкімдік жүйесінде қала әкімі, оның көмекшісі, бірінші орынбасары мен орынбасарлары, сондай-ақ ақпараттық саясат және ұйымдастыру-бақылау бағыттарына жауапты тұлғалар қызмет атқарады.

Сонымен қатар, Жаңа Ташкент қаласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бөлімшелері құрылады. Олардың штат бірліктері жарлықтың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген. Аталған бөлімшелердегі басқарушы қызметкерлердің жалпы штат саны 30-ды құрайды.

Әкімдік пен оның аумағындағы мемлекеттік органдар және ұйымдардың қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарды қоспағанда, Өзбекстан Республикасының республикалық бюджетінен қаржыландырылады.

Жарлықта Жаңа Ташкент қаласында құқық қорғау органдарының арнайы құрылымдарын құру да көзделген.

Құжатқа орай, Жаңа Ташкент қаласының әкімдігі мен тиісті мемлекеттік органдары аумақтағы мемлекеттік органдары мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Сонымен бірге, олар өз құзыретіне тікелей енгізілмеген міндеттерді де дербес жүзеге асыру құқығына ие болады.

Министрлер Кабинетіне Жаңа Ташкент қаласының әкімдігін құруға байланысты қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін әзірлеп, белгіленген мерзімде жүзеге асыру тапсырылған.

Сондай-ақ үш ай мерзімде озық шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде Жаңа Ташкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі мәртебесін белгілеу бойынша ұсыныс енгізілуі тиіс.