Құжатпен Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениеті мен қызметтік тәртібінің кодексі бекітілуде. Кодекс ішкі істер органдары қызметкерлерін «Адам қадірі үшін» қағидасы негізінде тәрбиелеу арқылы тұрғындардың шынайы ризалығына қол жеткізуге бағытталған.
Кодекс:
ішкі істер органдарындағы кәсіби мәдениет ережелерін;
қызмет тәртібіне қойылатын талаптар;
басшылар мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас;
басшылықтың әрекетіне шағым беру тәртібін белгілейді.
Ақпарат үшін: Қызметкерлерге келесі төмендегі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
қызмет жалақысының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл салу;
арнайы атағын бір деңгейге төмендету;
атқаратын лауазымынан босату;
гаупвахтада тұтқында ұстау;
ішкі істер органдары қызметінен босату.
- Сондай-ақ Жарлыққа сәйкес:
- 2023 жылдың соңына қарай «E-nomzod» электронды ақпараттық жүйесінің енгізілуіне байланысты ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі оңтайландырылады;
- қоғамдық бақылауды орнату мақсатында ІІМ және аумақтық құрамдық құрылымдарда қоғамдық кеңестері құрылады;
- ІІМ министрлігінің академиялық лицейлерінің түлектері үшін ІІМ академиясында бакалавриаттың «Құқықбұзушылықтар профилактикалық қызметі» және «Жедел-іздестіру қызметі» білім бағыттарына, төлем-келісімшарт негізінде оқытылуы көздей отырып, 200-ге жуық қосымша әр жылдық қабылдау квотасы енгізіледі»;
- жұмысқа алғаш қабылданатын қызметкерлер үшін сынақ мерзімі бір жыл болып белгіленеді;
– 2023 жылдың сентябрінен бастап құқықбұзушылықтың профилактикасы, жол-патрульдік және патруль-пост қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері аталған бағыттардағы қызметті жалғастыру үшін әр үш жылда Ішкі істер министрлігінің Біліктілікті арттыру институтында біліктілігін арттыруы қажет болады, деп хабарлайды «Norma».
Құжат Заңдылықтың мәліметтері ұлттық базада жарияланды және 2023 жылғы 21 январьдан күшіне енді.