ЭЫДҰ-мен білім беру саласы мәселелері талқыланды

    Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің бірінші орынбасары А.Воитов үстіміздегі жылдың 10-13 апрель күндері елімізде білім саласындағы халықаралық зерттеулерге дайындық көру және онда Өзбекстанның қатысуын қамтамасыз ету тұрғысынан келген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі — Білім және дағдылар департаментінің директоры Андреас Шляйхермен келіссөздер жүргізді.

    Сапардың мақсаты – оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) бойынша Өзбекстанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу және ЭЫДҰ-мен алдағы ынтымақтастық болашақтарын кеңейту.

    Кездесу барысында білім беру сапасын бақылау мәселелері, PISA бағдарламасын жүзеге асыру шаралары, студенттердің білімін пайдалану және экономика мен өнеркәсіп саласындағы практикалық проблемаларды шешуге арнайы көмек көрсету мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ сұхбат барысында тұрғындардың білім беру қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, олардың сапасын арттыру және ұлттық білім беру жүйесінің қызметін жақсарту, сонымен бірге ЭЫДҰ-ның мақсатты бағдарламалары арқылы осы салаға біріккен инвестицияларды жұмылдыру механизмдері қаралды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін: Оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша сауаттылығын әртүрлі тесттер арқылы бағалауға бағытталған. Бұл жоба жастардың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауын, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуін бағалайды және осы дағдыларды дамытуға ынталандырады.