Қаулыға сәйкес, 2025 жылғы 1 январынан бастап, бюджеттік жүйенің бюджеттері есебінен нысандарды құру, реконструкциялауға және жөндеу істері бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алуларына негізінен құрылыс мерзімі үш айдан аз болмаған нысандарға бірінші айда нысан құнының 30 пайызы мөлшерінде аванс қаржылары бөлінеді, кейінгі төлемдер белгіленген тәртіпте қаржыландырылады.
2026 жылғы 1 январына дейін сынақ түрінде, жобалық-сметалық құжаттардың құны БЕМ-нің 6 мың еседен асатын жобалар (объектілер) бойынша сараптамадан өткізіледі:
көлемдік, техникалық-сметалық бөлігі (баға бөлігінен басқа) – « Қала құрылысы құжаттарын сараптау республикалық орталығы» МО тарапынан;
тауар, жұмыс және қызметтердің бағалық бөлігі — “Жобаларды және импорт контракттарын кешенді сараптау орталығы” МУК тарапынан»;
БЕМ-ның 6 мың есеге дейін болған жобалар (объекттер) бойынша қала құру құжаттары «Қала құрылысы құжаттарын сараптау республикалық орталығы» МО тарапынан
2025 жылдың 1 апреліне дейін құрылысы аяқталған нысандарды іске қосу үдерістерін толығымен цифрландыру арқылы жариялылық жүйені енгізу қамтамасыз етіледі.
2025 жылғы 1 июльге дейін үлгілі және қайталанатын жобалық құжаттардың электрондық каталогтарын жасау және оларды «Жариялылық құрылыс» ұлттық ақпараттық жүйесіне орналастыру қамтамасыз етіледі.