Илон Масктың компаниясы алғаш рет адамға чип орнатты

    Илон Масктың Neuralink компаниясы алғашқы имплантты адам миына орналастырды.

    Чипті орнату операциясы 28 январь күні болып өтті, еріктінің сауығуы жақсы жүріп жатыр, — деді Маск. Оның айтуынша, импланттың істеуі туралы алдын ала мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсетуде.

    Neuralink өткен жылдың май айында адамға сынақ өткізуге рұқсатты алған болатын, деп хабарлайды lenta.ru.

    Сонымен қатар, компания еріктілерді іздей бастады. Алайда, бұған дейін, екі ай бұрын АҚШ-тың азық-түлік және фармацевтикалық мекемесі (FDA) Neuralink өтінішін қабылдамаған еді.

    Масктың айтуынша, оның технологиясы көзі зағиптер немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates