Президент Имам Бұхари кесенесін зиярат етті

    30 қазанда Президент Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласына ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясының ашылу салтанатына қатысу үшін келді.

    Игі дәстүрге сай, алдымен Имам Бұхари кесенесіне зиярат етілді. Құран оқылып, дұға жасалды.

    Мемлекет басшысы кешендегі әрлеу және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

    Президенттің бастамасымен бұл қасиетті орын ұлы мұхаддис бабамыздың ислам әлеміндегі мәртебесіне лайық деңгейде қайта салынды. Мұнда зияратшыларға барынша қолайлы жағдай жасалған.

    Кешен аумағы кеңейтіліп, жалпы көлемі 44 гектарға жеткен. Мұнда қасиетті кесене, 10 мың адамға арналған мешіт, әкімшілік ғимарат, музей мен кіріс және шығыс алаңы салынды. Зияратхананың төрт бұрышында орналасқан 75 метрлік мұнаралар кешенге айрықша сәулет беріп тұр.

    Мемлекет басшысы жаңа мешіттегі құрылыс жұмыстарын аралап көрді.

    Президентіміз әр сапарында бұл жердің тек зиярат орны ғана емес, сонымен бірге білім мен тәрбие ордасы болуы, Имам Бұхаридің ілімге деген ұмтылысы мен даналығы жастар үшін үлгі болуы керектігін атап өтеді.

    Осы мақсатта жаңа кешен құрамында инновациялық музей құрылды. Онда ислам әлемінде «мұхаддистер сұлтаны» атанған Имам Бұхаридің өмірі мен ғылыми мұрасы, ислам өркениетінің дамуына қосқан үлесі көрсетілген. Сондай-ақ музейде Құранда есімдері аталған 25 пайғамбардың тарихы, Мұхаммед пайғамбардың шежіресі, Мекке мен Мәдинадағы өмірі және хадистердің жинақталуы туралы мәліметтер қамтылған.

    Зиярат орнының айналасында қонақүй мен басқа да қызмет көрсету нысандарының құрылысы аяқталу сатысында. Бір төрт жұлдызды, екі үш жұлдызды және 22 отбасылық шағын қонақүй бар.

    Мемлекет басшысы кешеннің жұмысын сапалы ұйымдастыру, келушілерге қолайлы жағдай жасау және жасыл аймақтарды көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Содан кейін игі ниетпен кешен аумағына ағаш көшеттері отырғызылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates