Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында мәртебелі қонақты Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Худжаев, Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Бахромжон Алоев және тағы басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Индонезия делегациясының құрамында жүзге жуық министрліктердің, кеңселердің, БАҚ өкілдері, сондай-ақ бизнесмендер бар. Бес күндік сапар барысында Индонезия делегациясы Өзбекстанның үкіметімен, министрліктерімен және кеңселерімен екіжақты кездесулер мен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту болашақтары талқыланады.

Сонымен қатар, Индонезия делегациясы Самарқант қаласына барып, ол жерде ««Silk Road Samarkand» туристік кешенімен танысып, облыс және қала басшылығымен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды «Дунё» АА.