Мемлекет басшысы Шахрисабздегі көпсалалы кардиология орталығымен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Шахрисабз қаласындағы көпсалалы кардиология орталығының қызметімен танысты.

    Әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып келе жатқан Өзбекстанда халық денсаулығын нығайту — ең өзекті бағыттардың бірі. Осы мақсатта мемлекеттік ауруханаларда реформалар жүргізілуде, салаға инвестициялар тартылып, жеке сектор да дамып келеді. Мысалы, Қашқадарияда қазіргі таңда 700-ден астам жеке клиника ашылып, 72 түрлі медициналық қызмет жолға қойылған.

    Жақында ресейлік кәсіпкермен бірлесіп ашылған «Оқ Сарой» клиникасы өз жұмысын бастады. Мұнда 4 ота жасау залы, 6 жансақтау бөлмесі және 100-ден астам емделушіге арналған төсек-орын бар. Бір мезетте 4, ал тәулігіне 25-ке дейін жоғары технологиялы кардиохирургиялық операциялар жасау мүмкіндігі бар. Бұл үшін Ресей, Түркия және Кувейттен білікті мамандар шақырылған. Стент қою, аорта-коронар шунттау, туа біткен ақауларды түзету, эндопротездеу сияқты ем түрлері жоғары нәтижеге ие.

    Орталық жоғары дәлдіктегі диагностика қызметін де көрсетеді. Мысалы, заманауи эхокардиография аппараты жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді. Мұндай құрылғы әзірге Өзбекстанда жалғыз.

    Мемлекет басшысы осындай инновациялық клиникалар медицинадағы сапа мен көзқарасты өзгертіп, басқаларға да өзгеріске түрткі болатынын айтты.

    – Мұндағы жүйені үлгі ретінде алып, 14 өңірімізде осындай клиникалар ашу қажет. Қанша қаражат керек болса да, табамыз. Ең бастысы – бұл жерде халқымызға кепілдендірілген сапалы ем болуы тиіс. Альтернатива мен бәсекелестік болмаса, сапаға ұмтылыс та болмайды, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Жауапты тұлғаларға бұл бағытта нақты ұсыныс әзірлеп, клиникаларды бастапқы медициналық буын және медициналық сақтандыру жүйесімен үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Ауруханада 130 жұмыс орны ашылған. Білікті мамандар даярлау үшін осында клиникалық ординатура да ұйымдастырылған.

    Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, студенттер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру, шетелдік мамандармен телемедицина мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігін атап өтті.

    Айта кету керек, дұрыс тамақтанбау салдарынан Қашқадария халқы арасында жүрек-қан тамырлары аурулары жиі кездеседі. Жаңа клиника мен оның жанындағы орталық мұндай сырқаттарды ерте анықтап, нақты диагноз қойып, емдеуде маңызды рөл атқарады.

    Орталықтың бастамасымен мобильді диагностикалық көліктер іске қосылып, шалғай елді мекен тұрғындарына УДЗ, МСКТжәне ЭКГ сияқты медициналық қызметтер көрсетілуде.

    No date selected
    July 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates