Адам құқықтары бойынша Омбудсман ЕҚЫҰ ДИАҚБ делегациясымен кездесті

    2022 жылғы 16 июньде Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) Феруза Эшматова Оуэн Мерфи басшылығындағы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) делегациясы мүшелерімен кездесті. Кездесуде Бала құқықтары бойынша өкіл Алия Юнусова да қатысты.

    Өзара сұхбат барысында 2021 жылы өтетін Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында сайлаушыларға жасалған жағдайлар мен сайлаушылардың саяси құқықтарын қамтамасыз етудегі Омбудсманның орны туралы пікір алысылды.

    Өткен сайлауда мүгедектігі бар тұлғаларға дауыс беру үшін қажетті қосымша жағдайларды жарату бойынша Омбудсман және оның аумақтық өкілдері тарапынан азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықта қатар мониторингтер өткізіліп, саулай учаскелерінің мүшелеріне ұсыныстар берілген.

    Омбудсман тарапынан сайлау құқына ие болған қылмыскер мен сотталғандардың өз құқықтарын еш кедергісіз жүзеге асыруы үшін жазаны орындау мекемелерінде ұйымдастырылған сайлау учаскелері де үйренілген.

    Кездесуде Омбудсман құзырындағы Азаптаулардың алдын алудың Ұлттық превентивті механизмі аясында қоғамдық топтармен әрекет еркіндігі шектелген жабық мекемелерге жүзеге асырылған мониторинг жүргізілуі, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының да қатысып жатқаны да айтылды.

    Сұхбатта Өзбекстан Президенті сайлауын бақылау бойынша ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебінде ілгері тратылған ұсыныстар туралы пікір алысты. Сұхбат барысында қонақтар бұл ұсыныстар Өзбекстандағы сайлау заңдылығы мен оны ұйымдастыру тәртібін халықаралық озық тәжірибелерге сәйкестендіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    — «Өткен жылғы Өзбекстандағы Президенттік сайлау өткеннен соң осы үдерістерді бақылаған Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша бюросы өз есеп беруін апрель айында жариялады және онда 24 ұсыныс орын алған, — дейді ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюросы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ делегациясының басшысы Оуэн Мерфи — Бұлар ұсыныстар ғана. – Оны ескеру немесе ескермеу әрбір мемлекеттің өз еркі. Біздің үкіметтің ұсынысы негізінде Өзбекстанға сапарымыз барысында ұсыныстарымызды бірге талқылау көзделген. Бүгінгі кездесуіміз де осы институттың қызметі, оның сайлау үдерісіндегі қатысуы, әрбір азаматқа дауыс беру құқын қамтамасыз ету бойынша жағдай жарату туралы пікір алыстық.

    Әрине, біздің ұсыныстарымыз ескеріліп жатқанына қуаныштымыз. Біз бұдан былай да ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз.

    Кездесуде ынтымақтастық байланысты нығайту мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates