Адам құқықтарының айлығы жарияланды

    Іс-шаралар 5 Noyabr 2021 2243

    Жыл сайын 10 декабрь – Адам құқықтары күні бүкіл әлемде кеңінен атап өтіледі. Себебі, 1948 жылдың дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 217А (III) резолюциясына орай, Адам құқықтарының жалпы әлемдік декларациясы қабылданды.

    1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл маңызды датаны Адам құқықтары күні деп белгіледі.

    Аталмыш халықаралық-құқықтық құжаттың 1-бабында: «Барлық адамдар еркін және қадір-қасиеті мен құқықтары жағынан тең болып туылады. Оларға ақыл мен ар-ождан берілген, сондықтан бір-біріне бауырмалдықпен қарау керек», деп жарияланған.

    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 2-бабында «Әр бір адам нәсіліне, дене түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне,мал- мүліктік, таптық немесе өзге де мәртебесіне қарамастан, осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтары мен еркіндіктеріне ие болуға тиіс ».

    Декларация барлық адамдарға тісті болған құқықтарды өз ішіне қамтыған. Бүгінгі күні бұл халықаралық құқықтық құжат әлемдегі 500-ден астам тілге аударылған.

    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы әркімнің жеке қол сұғылмаушылыққа, меншікке, дін және сөз бостандығына, азаматтыққа, мемлекеттік басқаруға қатысуға, сайлау және қайта сайлауға, отбасына, еңбек пен демалысқа, білім алуға, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетуге, мәдени-тұрмыстық демалу құқықтарын қорғайды.

    10 декабрьде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 73 жыл толады.

    Сонымен қатар, таяуда ғана Адам құқықтары бойынша Өзбекстан республикасы Ұлттық орталығының құрылғанына 25 жыл болды. Ұлттық орталық 1996 жылы 31 октябрьде құрылды.

    Осы даталарға байланысты Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы ағымдағы жылдың 10 ноябрь мен 10 декабрь аралығын «Адам құқықтарының айлығы» деп жариялады.

    Адам құқықтары туралы Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталықбаспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates