Қаулығы сәйкес еңбекке заттай ақы төлеу қызметкердің жазбаша келісімі бойынша мынадай жағдайларда мүмкін:

жұмыс беруші қызметкердің немесе оның отбасының тұтынуы үшін өндірген және өсірген азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу;

өзіне-өзі қызмет көрсету және үй шаруашылығын жүргізуге жәрдемдесу үшін үй қызметшілерін жалдайтын жұмыс берушілердің үй қызметшілерін тамақпен және уақытша тұратын үймен қамтамасыз ету түріндегі есеп айырысу.

Сондай-ақ еңбекақыны заттай төлеу шарты қызметкермен оның келісімі негізінде жасалған еңбек шартында көрсетіледі.

Бұл ретте заттай жалақының жалпы мөлшері 30 пайыздан аспауы керек.

Қызметкердің жазбаша келісіміне қарамастан оның жалақысынан:

50 пайызға дейін ұсталған жағдайда - қызметкерге заттай төленетін жалақының жалпы сомасы 10 пайыздан аспауы керек;

50 пайыздан астамы ұсталса, қызметкерге заттай жалақыны төлеуге тыйым салынады.

Еңбекақыны заттай төлеу кезінде мыналарға тыйым салынады:

қызметкердiң айлық жалақысы заңнамада Еңбекке ақы төлеу бірыңғай тариф сеткасының бірінші разряды бойынша белгiленген мөлшерден төмен болған кезде жалақыны заттай төлеуге;

ауыл шаруашылығы тауарларын және азық-түлік тауарларын өндірушілер ұсынатын өнімдердің бағасын олардың өзіндік құнынан жоғары белгілеу;

алкогольмен, темекі өнімдерімен, дәрілік заттармен, каннабис өсімдігі, сондай-ақ өткізуге (жеткізуге) заңмен тыйым салынған басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен есеп айырысу;

үй жұмыскерлерінің жұмыс берушілері ұсынатын тамақ өнімдерінің бағасын және нақты базар бағасынан жоғары бағамен тұрғын үйді уақытша пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу.