Іскерлік электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алудан басталады

    Тұрғындардың ұзағын жақын етуде, қолайлылық туғызуда және құқықтық сауаттылығын арттыруда мемлекеттік қызмет орталықтары жылжымалы қызметтер жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды

    Әсіресе, Мемлекеттік қызметтер көрсету агенттігінің аумақтық басқамалары ұйымдастырған жылжымалы қабылдаулар арқылы азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуге деген мәселелері үйреніліп, оң шешімін табуда.

    Екі жағы көршілес Қырғызстанмен жалғасып жатқан Қувасой қаласын көпұлтты өндіріс қаласы деуге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігінің аумақтық басқамасының «Зийнат» Махалла азаматтар жиынында ұйымдастырған жылжымалы қабылдауына көпұлтты тұрғын өкілдері қатысты. Шарада өтініш берушілерге жалпы түрде 2022-2026 жылдарға бағытталған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы туралы жалпы түсініктер берілді. Субсидиялау мәселесі аясында құжаттарды дайындау барысында кейбір мәселелер шешілді. Бұдан кейін жеке өтініш берушілердің мәселелері де тыңдалды.

    Айта кету керек, жылжымалы қабылдаумен қатар тұрғындарға мобильді мемлекеттік қызметтер де көрсетілді.

    Қувасойлық Сарвар Каримов бағбаншылықты кәсіп еткен. Ол жеміс-көкөністер өсірумен шұғылданады. Жақында ол өнімді қайта өңдеумен айналысатын жеке фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізді. Енді оған қаржылық істерін басқару үшін электрондық цифрлық қолтаңба кілттері қажет. Жылжымалы қызметтер кезінде Сарвардың жұмысы оңай шешілді.

    – Біз заман көшіне ілесуіміз керек, – дейді Сарвар Каримов. – Жемістер мен көкөністерді өсіріп, сатуға қарағанда оны қайта өңдеп, экспорттаған тиімдірек. Болашақта өнімді өсіруден бастап өңдеуге дейінгі технологияларды сатып алмақшымын. Мен бүгінгі жылжымалы қызмет пен қабылдау кезінде заңгерлік кеңес алдым және өз мақсаттарымды электронды кілт алудан бастадым.

    Дильфуза Рустамова – қувасойлық кәсіпкер. Ол отбасылық мәселелердің туындауына байланысты 14 жыл бұрын қызметін тоқтатқан еді Осы уақыт ішінде кәсіпкерлікпен шұғылдану тәртібі өзгерді. Заңға көптеген өзгертулер енгізілді. Қабылдау барысында оқу орталығының құжаттарын дайындау, лицензия алу, жаңа ғимарат салу мәселелерін қозғады. Оның мәселелері жергілікті өкілдік органдар мен мемлекеттік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп оң шешімін тапты. Кәсіпкерге қала орталығындағы бос тұрған 3 нысанды жалға беру негізінде жұмысын қалпына келтіру ұсынылды. Кувасой қалалық МҚО лицензия алуға көмектеседі.

    Сапар барысында тұрғындардың 9 салаға қатысты өтініштері тыңдалды. Кадастрлық құжаттар, субсидиялар беру, банк несиелері, бірінші рет кәсіп ашу, мемлекеттік қызмет көрсетуде мүгедектігі бар азаматтарға мүмкіндіктер сияқты 30-дан астам өтініш қаралды. Мәселелер сол күннің өзінде оң шешімін тапты. Кейбір мәселелер бойынша жауаптылар да атқарылуы мерзімдері белгіленді.

    МҚА Ферғана облыстық басқармасының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates