Істі сотқа дейін жүргізуде бірыңғай тергеу ақпараттық жүйесі енгізіледі

    Цифрландыру 31 Yanvar 2022 1864

    2022 жылдың 28 январында Өзбекстан Республикасы Президентінің ПҚ-105-санды «Істі сотқа дейін жүргізуде кеңсеаралық бірыңғай электронды ынтымақтастықтың жүйесін енгізу іс-шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    Қаулыға орай, іздестіру және алғашқы тергеу органдарының қызметін цифрландыру және ісі сотқа дейін жүргізу мәселелері бойынша «Электрондық іздестіру және алғашқы тергеу» бірыңғай ақпараттық жүйесі (Бірыңғай тергеу ақпараттық жүйесі) енгізіледі.

    Бірыңғай тергеу ақпараттық жүйесі арқылы істі сотқа дейін жүргізу мәселелерінде электрондық құжат алмасу төмендегідей жүзеге асырылады:

    Ішкі істер министрлігі;

    Бас прокуратура;

    Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі;

    Бас прокуратура құзырындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті және Мәжбүри атқару бюросы;

    Мемлекеттік кеден комитеті;

    Ұлттық гвардияның іздестіру және тергеу органдары.

    Бірыңғай тергеу ақпараттық жүйесінің басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялануы, оның үздіксіз жұмыс істеуі, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі үшін Бас прокуратура жауапты саналады.

    Қаулымен Бірыңғай тергеу ақпараттық жүйе шеңберінде іздестіру және тергеу органдарымен электрондық ынтымақтастықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тізімі бекітілді.

    Осыған орай, жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолда бар ақпараттар іздеу және тергеу органдарының электрондық сұрау салуы бойынша тегін ұсынылады

    Қаулыға сәйкес, Мәжбүри атқару бюросының 2022 жылдың 1 майынан Бірыңғай тергеу ақпараттық жүйесінің сынақ версиясы , 2022 жылдың 1 авгусынан толық версиясы іске қосылады.

    Ташкент ақпараттық технологиялар университеті мен оның филиалдары Іздестіру және тергеу қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығы мен біліктілігін арттырып, оларды ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікке оқытады, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates